Skip to content

Колледжде буллингтің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді

  • by

Колледжде қолайлы психологиялық орта қалыптастыру және буллингтің алдын алу мақсатында психологиялық қызмет тарапынан студенттермен «Буллингті қалай тануға және оның алдын алуға болады?» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.

Кездесу барысында білім алушылар буллинг ұғымымен, оның негізгі белгілерімен және адамның психологиялық денсаулығына тигізетін кері әсерлерімен танысты. Әсіресе, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас, эмпатияны дамыту, өз әрекеттері үшін жауапкершілік алу және қиын жағдайға тап болған құрдастарына қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Студенттер түрлі өмірлік жағдайларды талқылап, буллингке тап болған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін қарастырды. Сондай-ақ педагогтерден, психологтан және сенім артатын ересектерден көмек сұрау жолдары туралы ақпарат алды.

Осындай іс-шараларды өткізу колледжде қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға, өзара құрмет мәдениетін нығайтуға және студенттер арасындағы жанжалдар мен буллингтің алдын алуға ықпал етеді.