КОЛЛЕДЖ ПСИХОЛОГТЫҢ СЕНІМДІ ҚЫЗМЕТІ
Егер сізге қолдау қажет болса, колледж психологына кез келген уақытта жүгіне аласыз. Психологиялық кеңестер құпия түрде және тегін жүргізіледі.
Қандай мәселелер бойынша жүгінуге болады?
✔️ Мазасыздық, күйзеліс, қорқыныш және алаңдаушылық.
✔️ Оқудағы қиындықтар және оқу мотивациясының төмендеуі.
✔️ Топтастармен, оқытушылармен немесе ата-аналармен туындаған келіспеушіліктер мен жанжалдар.
✔️ Буллинг және кибербуллинг мәселелері.
✔️ Қарым-қатынас пен өзара түсіністіктегі қиындықтар.
✔️ Өзіне деген сенімсіздік және өзін-өзі төмен бағалау.
✔️ Колледждегі оқу үдерісіне бейімделу мәселелері.
✔️ Жеке және отбасылық қиындықтар.
✔️ Эмоционалдық шаршау және күйіп кету (эмоционалдық қажу).
Есте сақтаңыз: психологиялық көмекке жүгіну – өз денсаулығыңыз бен әл-ауқатыңызға деген қамқорлықтың белгісі.