Skip to content

«Политехникалық колледж» КМҚК жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларымен «ProSkills: сенің бастауың» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасын өткізді.

  • by

Абай облысы білім басқармасының «Политехникалық колледж» КМҚК жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларымен «ProSkills: сенің бастауың» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында мектеп оқушылары колледждің оқу-материалдық базасымен танысып, әртүрлі мамандықтардың қыр-сырына бойлап көрді.

«Food Lab» секциясында аспаздық қабілеттерін көрсетті
«Авто IQ» секциясында техникалық білімдерін байқап көрді
Спорттық ойындарға қатысып, белсенділік танытты

Сонымен қатар, шеберлік сабақтары өткізіліп, нақты тәжірибе ұсынылды:
Көлік жүргізу негіздері
Автокөліктің компьютерлік диагностикасы
Тәтті бәліш әзірлеу
Токарлық өңдеу процесі

Іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар берді деп сенеміз.