БАСТЫ БЕТ / Үйірмелер мен секциялар / Жас сарбаз клубы
«Жас сарбаз» клубы – колледж студенттері арасында патриоттық рухты қалыптастыруға, әскери-патриоттық тәрбие беруге және Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған ерікті ұйым.
Клубтың негізгі мақсаттары:
-Жастардың патриоттық сезімін және азаматтық ұстанымын нығайту;
-Әскери-патриоттық тәрбие беру және тәртіпті қалыптастыру;
-Студенттердің дене дайындығын және шыдамдылығын арттыру;
-Отан қорғауға дайындық пен жауапкершілік сезімін дамыту;
-Тәртіп, ұйымшылдық және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
